Қазақстанда қатаң шектеу шаралары тағы 2 аптаға ұзартылуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда қатаң шектеу шаралары эпидемиологиялық ахуал жақсармаса, тағы 2 аптаға ұзартылуы мүмкін. Бұл туралы Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың алдағы уақытта қалай өзгеретініне байланысты аталған шектеу шаралары 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін екенін атап өтті.

Жаңа шектеу шараларын талқылауға орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Атамекен» ҰКП төрағасы А. Мырзахметов, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті Р. Жүрсінов және тағы басқалар қатысты.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекіткен болатын.


Соңғы жаңалықтар