+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстанда қатаң карантин шаралары күшіне енді

2020 жылғы 5 шілде 00:00
Бөлісіңіз:
Қазақстанда қатаң карантин шаралары күшіне енді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап елде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында бірқатар шектеу шаралары күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маска тақпағандарға 80 мың теңгеге жуық айыппұл салынады Бүгіннен бастап Қазақстанда қатаң карантин тағы 2 аптаға созылды Атырауда саябақтар мен жағалауға баруға тыйым салынды

Айта кетейік, 2 шілде күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралған болатын.

Осы кеңесте мемкомиссия 5 шілдеден бастап 14 күнге қатаң шектеу шараларын енгізу жөнінде шешім қабылдады.

14 күнге созылатын карантин барысында ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, елдер тізімін көбейтпей, халықаралық әуе қатынасы сақталатын болды. Өңірлер арасындағы әуе қатынасы, темір жол қатынасы сақталғанымен, нақты шектеу шаралары қолданылады.

Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасы уақытша тоқтатылды. Қала ішіндегі қоғамдық көліктің жұмысына да уақыт бойынша шектеу енгізілді. Мәселен, ертеңнен бастап елордада алдағы 2 аптаға қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады.

Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салынды. Ашық ауада жаттығу жасауға рұқсат етілгенімен, тұрғындардың көшеде, саябақта, скверлерде 3 адамнан артық серуендеуіне шектеу енгізілді. 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуына тыйым салынды.

Сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер, мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де ұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар, ойын-сауық орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа), діни нысандар және т. б. (СОСО-дағы ойын-сауық орталықтары, ойын-сауық нысандары (караоке, бильярд, компьютер клубтары, боулинг орталықтары), кинотеатрлар, балаларды сауықтыру лагерлері, фудкорттар, банкет залдары) қызметіне тыйым салынды.

Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің кемінде 80 пайызының қашықтан жұмыс істеу режимі сақталатын болады.

Алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтарының, дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметі жалғасады.

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, ашық ауада қоғамдық тамақтану нысандары; үздіксіз өндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары; ашық ауадағы құрылыс жұмыстары; ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмыстары; халыққа қызмет көрсету салалары, оның ішінде авто жуу, автомобильдерді және тұрмыстық техниканы жөндеу, ХҚО-лар, екінші деңгейлі банктер (уақыт бойынша шектеу енгізумен) жұмысын жалғастырады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT