Қазақстанда кәсіпорындардың жұмысшыларына жалақы қарызы 1,6 млрд теңге - Т.Дүйсенова

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда кәсіпорындардың жұмысшыларына жалақы қарызы 1,6 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі отырысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

Министрдің алға тартқан деректеріне қарағанда, жыл басынан мемлекеттік инспекторлар ел кәсіпорындарының ағымдағы берешектері 2,8 млрд теңге көлемінде анықталып, дағдарысқа қарсы штабтың қабылдаған шараларының арқасында оның 2,4 млрд теңгесі өтелген.

«Дегенмен, өңірлік дағдарысқа қарсы штабтың мәліметтерінде жалақы бойынша жалпы берешектің көлемі бүгінде 1,6 млрд теңгені құрап отырған көрсетілген. Оның ішінде үш айға дейінгі ағымдағы берешектер 514 млн теңгені, үш айдан асатын уақыты өтіп кеткен берешек шамамен 134 млн теңгені құрайды. Банкротқа ұшыраған кәсіпорындарда, бұл ең көлемдісі  - 955 млн теңге. Қазіргі уақытта бұл бағытта Бас прокуратурамен, Қаржы министрлігімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Сіздің тапсырмаңызды ескере отырып, келесі аптада әкімдерімен бірлесе отырып жан-жақты ақпарат беретін боламыз», - деді Т.Дүйсенова Үкімет басшысы К.Мәсімовке қарата айтқан сөзінде.

Соңғы жаңалықтар