Қазақстанда қаржы пирамидаларынан азаматтарға келген шығын 767 млн. теңгеге жуық - Бас прокуратура

None
None
АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанда қаржы пирамидаларынан жапа шеккендер саны 4 мыңға тарта азаматты құрап, оларға келтірілген шығын 767 млн. теңгеге жуықтаған.

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Иоган Меркель мәлім етті.

«Пирамидалардың қызметінен көптеген азаматтар жапа шегіп жатқаны да белгілі. Осы саладағы сарапшылардың бағалауынша, әлемде қаржы пирамидаларының қызметіне қатысушылар саны шамамен 10-15 миллион адамды құрайды», - дейді Бас прокурор орынбасары. Оның айтуына қарағанда, Қазақстанның өзінде «МММ» аталатын қаржы пирамидаларының 8 кеңсесі қызмет еткен.

«2010-2013 жылдар аралығында Қазақстанның құқық қорғау органдары бұндай пирамидалардың заңсыз қызметіне қатысты 61 іс қозғады. Ал олардан жапа шеккен азаматтардың жалпы саны 4 мыңға жуықтаса, келтірілген шығын сомасы 767 млн. теңгені құраған», - деді И. Меркель.

Соңғы жаңалықтар