Қазақстанда Қарулы күштер азық-түлік себетінің құны арттырылмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда Қарулы күштер азық-түлік себетінің құнын арттыру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Бақыт Құрманбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде тамақтандыруды ұйымдастырумен аутсорсинг айналысады. Біз мұнымен айналысатын кәсіби компаниядан қызмет сатып аламыз.Соның арқасында армия өзіне тән емес қызметтерден босатылып отыр. Бүгінде армия асханаға кезекшілікке бармайды, ыдыс-аяқ жуып, қазан тазаламайды. Бұрынғыдай күз кезінде көкөніс сұрыптап, көкөніс пен жеміс-жидек жинамайды», - деді ол.

Оның түсіндіруінше, армияны тамақтандырумен шаруашылық үй-жайы, қосалқы шаруашылығы, дайындаушы қызметі бар жеке компания айналысады.

«Аталған компанияға мынадай критерийлер қойылады: техникалық мүмкіншілігі, кадрлық әлеуеті, тамақты қауіпсіздік дайындауды, таратуды және сақтауды қамтамасыз ететін білікті қызметкерлерінің болуы. Бұған қоса, қызметкерлерінде тиісті сертификаттары болуы қажет», - деді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Сонымен қатар ол бүгінүі күні Қарулы күштердің азық-түлік себеті құнын арттыру мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.

«Себебі өздеріңіз де соңғы жылдары азық-түлік себетінің өскенін білесіздер», - деді Бақыт Құрманбаев.

Спикердің дерегінше, қазіргі уақытта сарбаздарды тамақтандыруға жыл сайын 10 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалады.

Соңғы жаңалықтар