Қазақстанда қару сату ең табысты бизнеске айналды - Бас прокуратура

None
None
АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанда қару сату ең табысты бизнеске айналып тұр.

Бұл туралы Парламент Мәжілісінде «Травматикалық қару: заңнамалық реттеу мәселелері» атты дөңгелек үстел барысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко мәлім етті.

Прокуратура өкілінің айтуынша, травматикалық қаруды ештеңемен айырбастауға болмайтындығы туралы пікірді негізінен қару сатып, пайда табатындар жақтап отыр. «Мен олар секілді ойламаймын. Менің пікірімше, қару сату бизнесі табысты, оның ішінде Қазақстанда да солай. Бұл ретте тура сол қару бизнесімен айналысатындардың есептеріне тоқталғым келеді. Бүгінгі таңда Қазақстанға 100 мыңнан астам травматикалық қару әкелінген. Ал оның әрбірінің бағасы 100 мың теңгені құрайды деп есептесек, онда бұл миллиардтаған соманы құрайды. Ендеше бұл бизнестен ешкім де оңайлықпен бас тарта алмасы анық», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар