Қазақстанда картоп, қарақұмық, сәбіз және жұмыртқа арзандады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2019 жылдың наурызында ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 4,9%, биылғы қаңтар-наурыз айларында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,2% өсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Биыл наурыз айында мал шаруашылығы өнімдерінің бағасы былтырғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,2%, өсімдіктерден алынған өнімдер 6,3%, 2019 жылдың бірінші тоқсанында былтырғы бірінші тоқсанға қарағанда 5,8% және 13,8% өскен.

Жыл басынан бері қарақұмық бағасы 3,3 % арзандап, бидайдың бағасы - 10,8%, арпа - 4,5%, сұлы мен күріш жүгері 0,7%, қара бидай 0,5%, жүгері 0,2% қымбаттаған.

Картоп 3%, сәбіз 1,4% арзандады, қияр 22,6%, қызанақ 8,8%, қызылша 6,2%, пияз 2,8%, қырыққабат 3,2% қымбаттаған. Сондай-ақ күнбағыс дәні 12,6%, кептірілген бұршақ 2,5%, кептірілген жасымық 1,1% қымбаттаған.

Жылқы еті 2,6%, сиыр еті 1,5%, қой еті 1,3%, құс еті 0,9%, шошқа еті 0,8% қымбаттаған. Шикі сүттің бағасы 2,3%, қой жүні 0,5%, бал 0,1% өсіп, тауық жұмыртқасы 1,5% арзандаған.

Соңғы жаңалықтар