Қазақстанда қараша айында түйелер саны азайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қараша айында Қазақстанда түйелер саны азайды. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, еліміздегі түйелер саны 2,9 мың басқа,  205,9 мыңнан 203 мыңға дейін, немесе 1 пайызға азайған, деп хабарлайды ҚазАқпарат kazakh-zerno.kz сілтеме жасап.

Қарашада түйенің ең көп 500 мыңға дейін азаюы төрт өңірде тіркелген. Бұл Қызылорлда облысы - 0,7 мың басқа  (47,2 мыңнан 46,5 мыңға дейін), Маңғыстау облысы - 0,7 мың басқа (62 мыңнан 61,3 басқа дейін), Ақтөбе облысы - 0,6 мың басқа (17,2 мыңнан 16,6 мыңға дейін) және Түркістан облысы - 0,5 мың басқа (27,2 мыңнан 26,7 мыңға дейін). Тағы төрт облыстағы түйе саны 0,1 мыңнан 0,3 мыңға дейін қысқарған. 

Елімізде түйенің көп бөлігі үш облыста орналасқан. Маңғыстау облысында - 61,3 мың, Қызылорда облысында - 46,5 мың, Атырау облысында - 32,4 мың бас түйе бар. Бұл- 140,2 мың бас немесе елдегі осы түлік түрінің 69 пайызы.

Еске сала кетейік, биылғы жылдың бірінші жартысында бұл жануардың төлдеуі кезінде оның басы қаңтарға қарай 16,4 пайызға өскен. ҚР Статистика комитетінің мәліметінше, 2018 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда 188,4 мың түйе болған, ал 1 шілдеде 219,3 мың түйе басы тіркелген. Нәтижесінде жарты жылдың ішінде түйе басының саны 30,9 мыңға немесе 16,4 пайызға көбейді.

Соңғы жаңалықтар