+7 (701) 759 90 19
USD 420.67 EUR 510.99
RUB 5.58 CNY 64.92
Jańalyqtar

Қазақстанда карантин талаптары күшейтілуі мүмкін

2021 жылғы 13 қаңтар 17:38
Бөлісіңіз:
Қазақстанда карантин талаптары күшейтілуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов ел тұрғындарына үндеу жасап, карантиндік шаралар күшейтілуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Солтүстік Қазақстанның 2 елдімекенінде карантин шаралары күшейтілді ШҚО-да коронавирус жұқтырғандар азайып келеді Карантин: Қостанай облысында шектеу шаралары қайта күшейді

Оның айтуынша, соңғы айда Қазақстанның бірнеше өңірінде COVID-19 науқастары көбейді. ҚР «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа ауысты.

«Соңғы айда Атырау облысында науқастардың 3,7 есеге өсуі байқалады. Алматы обылсында – 1,8 есеге, Қарағанды облысы мен Алматы қаласында – 1,5 есеге өскен. Маңғыстау облысында – науқастар саны 81-ден 315 жағдайға дейін, Түркістан облысында – 102-ден 256 жағдайға дейін, Шымкент қаласында 150-ден 195 жағдайға дейін, Қызылорда облысында 48-ден 135 жағдайға дейін өсу байқалады. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай ескере отырып, бүгінгі күні халықтың көп жиналуын азайтуға бағытталған карантиндік шараларды күшейту қарастырылып жатыр», - деді Ерлан Қиясов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен бірге, бас санитарлық дәрігер қазақстандықтарға үндеу жасады.

«Азаматтардың сақтық шараларына немқұрайлы қарауының салдарынан елімізде эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Сондықтан, қонаққа бармауға және қонаққа шақырмауға, жеке гигиена және респираторлық гигиена ережелерін сақтауға, қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, медициналық маска тағуға, антисептиктер қолдануға шақырамын», - деді Ерлан Қиясов.

Бұған дейін Ерлан Қиясов Православ дініндегі Крещение мерекесі қалай өтеді деген сұрақтарға жауап берген еді.

Сонымен бірге, британдық коронавирус штаммы Қазақстанда тіркелген жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT