+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қазақстанда карантин сақтамаған 84 кафе-бар сот шешімімен жабылған

2021 жылғы 22 маусым 14:56
Бөлісіңіз:
Қазақстанда карантин сақтамаған 84 кафе-бар сот шешімімен жабылған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Карантин талаптарын бұзғаны үшін қазақстандықтарға 1,3 млрд теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында карантин шаралары күшейтілді Алматыда табиғи қорықтар мен резерваттарға саяхаттауға рұқсат берілді Алматы облысында жаңа шектеу шаралары енгізілді

1 қаңтар мен 19 маусым аралығында карантин талаптарының сақталуын бақылайтын мониторинг топтары 107 358 рейд жүргізіп, 655 859 нысанды тексерді.

17 мыңнан астам кәсіпкерлік нысаны шектеу талаптарын бұзған.

Карантин режимін бұзған кәсіпкерлік нысандарының басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстарында, сондай-ақ, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан.

Мониторинг барысында карантин кезінде қызметіне тыйым салынған нысандардың жұмыс істейтіні, жұмыс кестесіне қойылатын шектеулердің сақталмайтыны, бұқаралық шаралардың ұйымдастырылатыны анықталды.

Тексеру жұмыстарының нәтижесі бойынша 315 іс сотқа жіберліп, 84 нысанның қызметі уақытша тоқтатылды.

Карантин талаптарын бұзғаны үшін 9, 9 мың шағын және орта бизнес иесі, 7,1 мың жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеден асады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT