+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстанда карантин мерзімі ұзартылуы мүмкін бе

2020 жылғы 9 шілде 11:43
Бөлісіңіз:
Қазақстанда карантин мерзімі ұзартылуы мүмкін бе

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда карантин мерзімі ұзартылуы мүмкін бе? Қазақстанның барша азаматын толғандырған бұл сауалға ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Карантинді ұзартуға қатысты айтар болсам, бастапқыда ұсыныс енгізгенде азаматтардың тілектері ескерілді. Режимнің бизнес қоғамдастықтарға да барынша бейімді болуы көзделді. Дегенмен, осынау вирусқа шалдығудың күрт өршіп кетуін еңсеруге септігін тигізетін шектеу шаралары да қарастырылды», - деді министр бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде тілшілердің сауалына орай.

Сонымен қатар ол кез келген бағалау инкубациялық кезеңмен, яғни 14 күнмен байланысты болуы керектігін атап өтті.

«Қазір біз қандай да бір аралық нәтижелерді қарап отырмыз. Дегенмен, шынайы тиімділігін екінші аптаға қарай не болмаса біз бағалау жүргізгеннен соң бірден көретін боламыз. Карантин аяқталғаннан кейін оның ұзартылатыны немесе шаралардың қатаңдатылатыны түсінікті болады», - деді Алексей Цой.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT