Қазақстанда қаңтарда мұнай өндіру 7,3% артқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мұнай өндіру 2019 жылдың қаңтарында 6,923 млн тоннаны құрады, бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,3 пайызға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есептік кезеңде газ конденсаты 1,081 млн тонна (былтырғыдан 5,2 пайызға аз), табиғи газ - 5,094 млрд текше метр (+6,3 пайыз), көмір - 10,104 млн тонна (+4 пайыз) болған.

Сондай-ақ, темір рудалары - 3,285 млн тонна (+3%), жез рудалары - 8,211 млн тонна (+11,6%), құрамында алтыны бар рудалар 1,715 млн тонна (+32%), хром қоспасы - 381 мың тонна (+10,8%) көлемінде өндірілді.

Соңғы жаңалықтар