Қазақстанда қаңтар-тамыз айларында өнеркәсіп өндірісі 4,7 пайызға артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4,7 пайызға артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап. 

Осы жылдың қаңтар-тамыз айларында өткен жылдың осы аралығындағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда шикі мұнай мен табиғи газ, металл кендерінің өнімділігі көбейген. Сонымен қатар, азық-түлік өнімдері мен темекі бұйымдарының, резеңке және пластмасс, металлургиялық және көлік құрау өнімділіктері өскені белгілі болып отыр. Сондай-ақ, фармацевтикалық өнімдердің өндірісі азайған.

Нақтырақ айтқанда, мұнай өндірісінің көлемі, оның ішінде газ конденсанты есеп беріліп отырған кезеңде 60 млн тоннаға (өткен жылмен салыстырғанда 5,3 пайызға көбейген), мыс өндірісі 68,2 млн тоннаға (+4,6 пайызға) артқан. Бензин өндірісі 2,5 млн тонна (+14,9 пайызға), газойл өндірісі - 3,1 млн тоннаны (-0,1 пайызға) көрсеткен. Сонымен қатар, тазартылған мыс өткен жылғыға қарағанда 0,3 млн тонна (+0,4 пайызға), портландцемент - 7 млн тонна (+8,4 пайызға), электроэнергия - 71,2 млрд кВт/ч (+6,2 пайыз), ұн - 2,8 млн тонна (+11,8 пайыз) артық өндірілген.

Өнеркәсіп өндірісі көлемінің артуы республиканың 13 аймағында байқалып отыр.

Соңғы жаңалықтар