Қазақстанда қаңтар-сәуір аралығында электр энергиясын өндіру 8,1% өскен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылы қаңтар-сәуір аралығында электр энергиясы өндірісінің көлемі 38,179 млрд кВт/сағат болған, бұл 2017 жылдың осы кезеңінен 8,1 процентке көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есептік кезеңде 41,285 млн Гкал жылу энергиясы (былтырғыдан 4,8 процентке көп) өндірілген. Сумен жабдықтау бойынша қызмет көрсету көлемі 835,492 млрд текше метрді (-2 процент) құраған.

 

Соңғы жаңалықтар