Қазақстанда қаңтар-мамырда өнеркәсіп өндірісі 2% өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2% -ға артты,деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есепті кезеңде кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу өндірісі 0,7%, өңдеу өнеркәсібінде - 3,6%, электр қуаты, газбен, бу беру және ауа баптауда - 1,3% -ға өсті. Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі және қалдықтарды жинауда көрсеткіш 10,1% -ға артты.

Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында металл кендерін өндіру ұлғайды. Азық-түлік өнімдері, сусындар, мұнай өңдеу, рәзіңке және пластмасса өнімдері мен машина жасау өндірісі артты. Темекі мен қара металлургия өндірісі төмендеді.

Атап айтқанда, 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында мұнай конденсатын қоса алғанда, мұнай өндіру көлемі 36,5 млн. тоннаны құрады (2018 жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда 3,2% -ға), мыс кендері - 46,7 млн. тонна (+ 12,8%). Бензиннің көлемі 1,6 млн. тоннаны (+ 12,6%), газ - 2 млн. тоннаны (+ 13,1%) құрады.

Өнеркәсіп өндірісінің артуы еліміздің 11 өңірінде байқалды.

Соңғы жаңалықтар