Қазақстанда қаңтар-мамыр айларында 44,3 млрд. КВт/с электр энергиясы өндірілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында электр энергиясын өндіру көлемі 44,343 миллиард киловатт-сағатты құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,1%-ға кем, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есепті кезеңде 44,323 млн гигакалория көлемінде жылу энергиясы өндірілді (өткен жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда өндіріс 1,5% кеміген), сумен қамту қызметтерінің көлемі 1 115,8 млн. текше метрді құрады (+ 5,3%).

Соңғы жаңалықтар