Қазақстанда қаңтар-қазанда мұнай өндіру 6,2% артқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мұнай өндіру 2018 жылғы қаңтар-қазан аралығында 63,882 млн тоннаны құрады, бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6,2 пайызға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есептік кезеңде газ конденсаты 10,684 млн тонна (былтырғыдан 2,7 пайыз аз), табиғи газ - 45,654 млрд текше метр (+5 %), көмір - 95,155 млн тонна (+5 пайыз) болған.

Сондай-ақ, темір рудалары - 35,545 млн тонна (+10%), жез рудалары - 85,513 млн тонна (+6%), құрамында алтыны бар рудалар 17,654 млн тонна (+4,7%), хром қоспасы - 4,103 млн тонна (+8%) көлемінде өндірілді.

Соңғы жаңалықтар