Қазақстанда қант өндірісі бір жарым есеге артады
«2015 жылдың қорытындысы бойынша тек 3 пайыз қант қызылшасын өндірдік және бұл өнім Қазақстанда шекер өндрісіне бағытталып отырды. 97 пайыз ақ қантты немесе қант құрағын алыс шетелден тасымалдайтынбыз. Енді жыл сайын Алматы және Жамбыл облыстарындағы егіс алқаптары артып келеді. Екі жыл қатарынан Солтүстік Қазақстан қант қызылшасын 400 гектарға отырғызуда. Жүргізілген әртараптандыру шаралары биылдың өзінде отандық қанттың өндірісін 1,4 есеге (36 мыңнан 51 мың тоннаға дейін) арттырады деп күтілуде»,-деді Айтуғанов.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жалпы Қазақстанда қант қажеттілігі 500 мың тоннаны құрайды. Қанттың 90 пайызы қант құрағынан өндіріледі және ол нөлдік бажбен импортталады. Бұл норма елімізде 2019 жылға дейін күшінде болады. Сәйкесінше, қанттың 10 пайызы қызылшадан өндіріледі. ҚР АШМ импортталатын шикізат көлемін төмендетуді жоспарлап отыр.