Қазақстанда қант диабетімен 35-65 жас аралығындағы адамдар көбірек ауыратын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметтері бойынша, 2014 жылы қант диабетімен ауыратын адамдардың саны 259 мыңға жеткен, оның 1600-ден астамы балалар. Бұл туралы бүгін ОКҚ баспасөз мәслихатында Ұлттық ғылыми-медициналық орталықтың эндокринологы Найля Тоқтарова айтты.

"ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметтері бойынша, 2014 жылы қант диабетімен ауыратын адамдардың саны 259 мыңға жеткен, оның 1600-ден астамы балалар. Дегенмен, қант диабетінің шынайы таралуы ресми деректен 45-50 пайызға көп. Бүгінгі таңда қант диабеті науқастарды мүгедек ету жағынан көш бастап тұр. Бұл дертке шалдыққандардың соқыр болып қалу, дене мүшелерін ампутациялау, бүйрек ауруына шалдығу қаупі жоғарылайды. Тағы бір айта кетерлігі, соңғы кездерде қант диабетінің бұрын "кәрілер ауруы" деп аталған екінші типіне 35 пен 65 жас аралығындағы адамдардың шалдығуы жиілеп кетті. Бұл өкінішке орай адамның нағыз қуаты толып, жұмыс істейтін жасы", - дейді маман.

Н. Тоқтарованың айтуынша, қазіргі кезде инсулиндік терапияға зәру науқастардың саны артуда. Мысалы, 2013 жылы инсулинге зәру науқастардың саны 47 мыңға жетсе, 2014 жылы бұл көрсеткіш 51 мыңнан асқан.

Соңғы жаңалықтар