Қазақстанда қант арзандады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2017 жылғы қыркүйектегі азық-түлік бағасы 2016 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 7,8% қымбаттаған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Аталған кезеңде кофе, шай және какаоның бағасы 14,8%-ға, кондитер өнімдерінің бағасы 12,5%-ға, жеміс-көкөністің бағасы 10,5%-ға, алкогольді ішімдіктер 10%-ға, сүт өнімдері 9,9%-ға, балық пен теңіз өнімдері 8,6%-ға, бөлке және ұн өнімдері 8,4%-ға, нан 3,3%-ға, макарон өнімдері 2,6%-ға, ұн 2,4%-ға қымбаттаған, ал қанттың бағасы 14,3%-ға, жарманың бағасы 12,2%-ға арзандаған. Ет пен ет өнімдері бағасының өсімі 11,4%-ды құраған. Ірі қара еті 14,2%-ға, қой еті 13,4%-ға, шошқа еті 10,9%-ға, құс еті 10,1%-ға, жылқы еті 8,7%-ға, шұжық өнімдері 7,2%-ға қымбаттаған.  

Соңғы жаңалықтар