+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қазақстанда қанша зейнеткер бар

2020 жылғы 13 ақпан 11:56
Бөлісіңіз:
Қазақстанда қанша зейнеткер бар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы қаңтар айында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеу үшін – 62,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 138,4 млрд теңге бағытталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім еткендей,

2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда зейнеткерлер саны 2 млн 222 мың 500 адамды құрайды.

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемдерін қоса алғанда) 2020 жылдың 1 ақпанына 90 502 теңгені құрады.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу мерзіміне қарай әр алушыға жеке тағайындалады.

«Егер зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, немесе мүлдем болмаса, базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% құрайды (2020 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі –31183 теңге), содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2% артып отырады. Мысалы, қатысу өтілі 20 жыл болған жағдайда базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74%, 30 жыл – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 94% құрайды. Жұмыс өтілі 33 жыл және одан да көп болған кезде, ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100% максималды мөлшерінде белгіленеді.

Осылайша, азаматтың зейнеткерлік жасқа жеткендегі базалық зейнетақы төлемінің мөлшері міндетті зейнетақы жарналары қаншалықты тұрақты және толық төленгеніне байланысты болады», - деді министрліктен.

Өз кезегінде, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері (ынтымақты) 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнетке дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT