Қазақстанда қанша тазы бар

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен жылғы есеп бойынша Қазақстанда тазы тұқымдас 1 мыңға жуық ит бар. Дегенмен оның тек 150-ге жуығы ғана асыл тұқымды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еnergyprom порталына сілтеме жасап.

1939 жылғы есеп бойынша елімізде шамамен 7 000 тазы болған.

Араға 26 жыл салып, яғни 1965 жылы оның саны артып, 10 мыңға дейін жеткен.

Дегенмен 1983 жылға дейін тазының 70% жойылып, тек 3 мыңы қалған.

2014 жылы тұқым-тегі тазыға ұқсат ит саны - 1 000 болды. Оның ішінде асыл тұқымдысы – 300.

Былтырғы есепке сай, елімізде тазы тұқымдас 1 мыңға жуық ит бар. Алайда, ғалымдар ақпаратына қарағанда, оның тек 150-ге жуығы ғана асыл тұқымды.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында тазы мен төбет тұқымын көбейту туралы заңды Мәжіліс мақұлдап, Сенат қабылдаған болатын.

Оған сәйкес, қазақы ит тұқымдарын сақтау және көбейту саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттары белгіленеді.

Қазақы ит тұқымдарының сақталуын қамтамасыз ету жүйесіне жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар айқындалады.

Заң жобасының нормаларын іске асыру үшін 1,4 млрд теңге жұмсалмақ.

Фото: mydog.press


Соңғы жаңалықтар