Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істеуге рұқсат алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істеуге рұқсат алғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Рұқсат алған шетел азаматтар біздің қадағалауымызда, олар елдегі қазақстандық немесе шетелдік компанияларда жұмыс істейді. Биыл 14 мың шетелдік маманға Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілді. Олар жұмыс істейді және міндетті зейнетақы жарнасын аударады. Ресей азаматтарына да қатысты ақпарат ұсынылды – олардың саны 22 мыңнан сәл асады, олар да міндетті зейнетақы жарнасын төлейді», - деді Тамара Дүйсенова Үкімет кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің хабарлауынша, биыл Қазақстанға 5 миллионнан астам шетелдік келген.


Соңғы жаңалықтар