Қазақстанда қанша өңір «қызыл» аймақта тұр

Редактор:  
Жанат Қапалбаева

Қазақстанда қанша өңір «қызыл» аймақта тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 28 қазандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызыл» аймақта Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

«Жасыл» аймақта - Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.





Серіктестер жаңалықтары