Қазақстанда қанша қырғыз мигранты бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғыз азаматтарының 20 пайызға жуығы нәпақасын шетелде тауып жүр. Бұл туралы бүгін «Орталық Азия елдеріндегі әлеуметтік еңбек қатынастары: талдау және келешегі» атты дөңгелек үстел отырысында Қырғызстан Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Жээнбек Османалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде Қырғызстан халқы 6 млн 300 мың адамды құрайды. Көрші елдермен салыстырғанда, санымыз көп емес. Экономикалық белсенді 2,5 млн адам бар. Оның 2,3 миллионы жұмыс істейді. Өкінішке орай, бұл ескі цифр болып тұр.  2,3 млн адамның 72 пайызы бейресми секторда жұмыс істейді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, қырғыз халқының белгілі бір бөлігі еңбек мигранттарының шетелден аударатын ақша қаражаттарының есебінен күнін көріп отыр.

«Ресми деректерге сәйкес, азаматтарымыздың шамамен бір миллионға жуығы еңбек мигранты. Олардың  шамамен 600 мыңы Ресейде, 113 мыңы Қазақстанда, 30 мың Түркияда жұмыс істейді», - деді Жээнбек Осмоналиев.

Соңғы жаңалықтар