Қазақстанда қанша кәсіпқой боксшы бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылы қазақстандық кәсіпқой боксшылар әлемнің түкпір-түкпірінде өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz. сайтына сілтеме жасап.

ҚР Кәсіпқой бокс федерациясы президентінің кеңесшісі Болат Манкенов қазіргі таңда елімізде қанша промоутерлік компания және кәсіпқой боксшы бар екенін айтты.

«2018 жылы кәсіпқой боксшылар саны Қазақстан бойынша, 115-ке жетті. Олардың барлығының лицензиялары бар және көптеген елдерде өнер көрсеткен. Отандық промоутерлік компаниялардың да саны артып, 9-ға жетті. ҚР Кәсіпқой бокс федерациясының медициналық комиссиясын биыл Евгений Грапов басшылыққа алды. Ал вице-президент лауазымына бұрыншы боксшы, меценат, біздің индустрияны жақсы түсінетін Нұржан Бекшенов тағайындалды. Биылғы жылы біздің веб-сайтымыз да тұрақты жұмыс істейтін болады. Онда кәсіпқой боксшылар туралы көптеген мәліметтер жарияланатын болады»,-деді Б.Манкенов.

Соңғы жаңалықтар