+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Қазақстанда қанша бензин қоры бар екені белгілі болды

2020 жылғы 18 мамыр 18:37
Бөлісіңіз:
Қазақстанда қанша бензин қоры бар екені белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов еліміздегі қоймаларда қанша бензин бар екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұнай өнімдерін пайдалану көлемінің төмендеуі аясында жанар-жағармай қалдықтарының артуын байқадық. Биылғы 15 мамырдағы жағдай бойынша Аи-92 маркалы бензинінің қоры 379 мың тонна құрады. Бұл көлем шамамен 44 күнге жетеді», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, дизель отыны бойынша 356 мың тонна жиналған. Отынның бұл көлемі 34 күнге жеткілікті.

Осы орайда ол жанар-жағармай материалдарын сақтау қоймаларының толып кетуін болдырмауға, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылданғанын еске салды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Әсет Мағауов елімізде бензинге сұраныс төмендегенін айтты.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT