Қазақстанда қанша банкомат бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда банкоматтар саны 12 мыңнан асты. Әрбір 10 құрылғының төртеуі клиенттерге қолма-қол ақша берумен қатар қаражатты картаға салуға да мүмкіндік ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.

2020 жылдың қаңтар-тамызында ел аумағында қазақстандық және шетелдік төлем карталарымен 10,4 трлн теңге ақша қолма-қол алынды. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш өзгермеді десек те болады. Дегенмен, 0,1 пайыз өсім бар.

Жалпы, Қазақстан аумағында төлем карталарындағы жиынтық айналымнан қолма-қол ақша шешіп алу 59,9 пайыздан 35,8 пайызға дейін қысқарып, тұрғындар қолма-қол ақшасыз төлем жасауға көшкенін байқауға болады. Небәрі осыдан 5 жыл бұрын ғана банкоматтар мен банк бөлімшелерінен ақша шешіп алу айналымға түскен қаражаттың 90 пайызынан асып жығылатын.

Картадағы қаражатты шешіп алу көлемінің қысқаруы еліміздің 3 өңірінде байқалады. Ал қалған облыстарда 0,9 пайыздан 27,7 пайызға дейін өсім бар. Бұл ретте алматылықтар қолма-қол ақша ұстаудан бас тарта бастағаны анық білінеді. Дегенмен, осы қала тұрғындары есепті кезеңде карталарынан 2,1 трлн теңге шешіп алып, өңірлер арасында көш бастап тұр.

Қолма-қол ақшалардың басым көлемі банкоматтардан алынған. Оның көлемі 8 айда 9,6 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,6 пайызға көп. Елімізде банкоматтар саны да артып, 2020 жылдың І-жартыжылдығында 12 мыңнан асып түсті. Барлық банкоматтың үштен бірі Алматы (2,3 мың) мен Нұр-Сұлтан (1,5 мың) қалаларында шоғырланған. Ал Түркістан мен Қарағанды облыстарының және Шымкент қаласының әрқайсысында 1 мыңнан сәл асатын банкомат бар.


Соңғы жаңалықтар