Қазақстанда қанша азаматтың салықтық берешегі бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде 1 млн 387 мың азаматтың 21 млрд теңге салықтық берешегі бар. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жеке тұлғаларға қатысты салықтық рақымшылық жүргізу мақсатында Салық кодексіне тиісті өзгертулер енгізілетін болады. Бүгінгі таңда еліміздегі 1 млн 387 мың азаматтың 21 млрд теңге көлемінде салықтық берешегі бар. Оның 6,6 млрд теңгесі өсімақы. 2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, берешегін өтеген азаматтардың өсімі жойылатын болады», - деді Ә.Смайылов.

Сонымен қатар, министр оңалту және банкроттық бойынша заңға түзетулер мен толықтырулар енгізу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

«Қолданыстағы заңда оңалту мен банкроттық процестеріне кіру бойынша нақты шарттардың жоқтығы және сол процестердің ұзақтығы қиындық тудыруда. Қазіргі уақытты бұл заң жобасы Парламент Мәжілісіне жіберілді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар