Қазақстанда қанша әскери қызметкер коронавирус вакцинасын алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарулы күштер бас әскери медицина бастығының орынбасары, медицина қызметінің полковнигі Әлібек Манабаев арнайы брифингте елімізде қанша әскери қызметкердің корронавирус екпесін салдырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлібек Манабаевтың айтуынша, Қарулы күштерде жаппай вакцинация 10 сәуірде басталған. Қазіргі күнде 18 мыңнан астам адам екпе алды.

«Бірақ олардың ішінде жағымсыз әсер ешкімде болған жоқ. Қандай да бір вакцинация алған кезде шамалы дене қызуының көтерілуі, екпе салған орнынының ауруы сияқты шағымдар болған. Ол - барлық вакцина алған кезде иммундық жүйенің қарсы реакциясы деп есептейміз. Толықтай вакцинация алған адам саны - 500-ден астам. Алыс гарнизондарда екпе жүргізу жергілікті денсаулық сақтау мекемелері арқылы жүргізіледі. Олар аймақтық денсаулық сақтау мекемелерінен жылжымалы екпе жүргізетін бригадалар арқылы жүзеге асырылып жатыр» дейді бас әскери медицина бастығының орынбасары, медицина қызметінің полковнигі Әлібек Манабаев.

Оның сөзіне сенсек, мерзімді әскери қызметшілерге екпе салынады.

«Олар қатерлі топ санатына жататын болғандықтан әскери қызметшілер көп адам бір жерде өмір сүреді, бір жерден тамақтанады, соған байланысты оларды бірінші ретте вакциналау керек. Ол үшін түсіндірме жұмысы жүргізіледі. Әрбір әскери қызметші ерікті түрде екпе алады» деп атап өтті әскери полковник.


Соңғы жаңалықтар