Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Қазақстанда қанша арқар бар

2019 жылғы 9 шілде 17:15 995
Бөлісіңіз:
Қазақстанда қанша арқар бар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақ туризм» ұлттық компаниясының өкілі Қазақстанда қанша арқар бар екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған компания басқарма төрағасының кеңесшісі Батыр Сейкеновтің айтуынша, ел аумағында 16 мыңнан астам арқар қалған.

«Бұл сандық біз қайдан алдық? Әрине, әрбір арқарды басынан нұқып санаған жоқпыз. Ол мүмкін емес. Әр жерде кездескен арқар санын таралу арелына көбейте отырып, осындай сан шығардық. Бұл бұрнағы жылдарға қарағанда аз. Демек, арқар санының кемуі бар. Оған барконьерлік те, түрлі аурулар да себеп болуы мүмкін», - дейді ол.

Батыр Сейкенов алдағы бес жылда «Қазақ турзим» компаниясы арқардың көбеюіне қандай жағдай жасау қажеттігін ғылыми зерттеу арқылы анықтамақ екенін жеткізді.

«Бұған қаржыны арқар атуға берілетін лицензия есебінен табамыз. Бір басқа кемінде 100 мың ақшы доллары төленсе, оның 11-12 мыңы бюджетке, 10-15 мыңы аңшылықты ұйымдастырушы ұйымға, қалғаны түгел ғылымға төленеді. Ғылым дегенде, биологиялық қауіпсіздік институты мен Зоология институтына бөлінеді. Қазір арқарларға да белгі тағып жатырмыз. Қаржының бір бөлігі соған жұмсалады. Осы арқылы қартайған арқарларды оңай анықтауға болады», - дейді ол.

Шетелдік туристер арқардың тек мүйізін ғана еліне әкететін көрінеді.

«Шетелдіктерге оның мүйізі ғана керек. Ал қалған денесін біз алып, тексереміз. Бір кездері бүкіл ел болып бөкендердің неден қырылғанын білмей жанталастық емес пе? Сондай болмас үшін арқарлардың денсаулығына тұрақты мониторинг жүргізбекпіз. Ауруларын ерте анықтап, тиісті шаралар қолдану, қыс қатты болған кезде жемшөппен қамту шаралары да осы туристер қаражаты есбінен жүргізілетін болады. Осының арқасында келешекте арқар саны артуы тиіс. 3 жылдың ішінде жобаның қаншалықты дұрыс жүріп жатқанын білетін боламыз. Соған сәйкес түзету енгізіп, реттеп отырамыз», - деді «Қазақ туризм» өкілі.

Айта кетсек, аталған компания Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы  облыстарындағы арқар популяциясын зерттеу үшін бірнеше ғылымии эскпедиция ұйымдастырыпты.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Туризм,
Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT