
05:10
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 16 қаңтардағы мәлімет бойынша Қазақстанда 9 059 198 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін салдырды.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Сондай-ақ коронавирусқа қарсы вакцинаның II компонентін 8 616 985 адам салдырды.