Қазақстанда қанша адам белсенді түрде спортпен шұғылданады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Республиканың дене шынықтыру-спорт қозғалысына 5,9 млн адам қатысты. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Осы мақсатта стратегиялық жоспарға сәйкес, министрлік бұқаралық спортты одан әрі дамыту бойынша жұмыс жүргізуде. 2020 жылдың қорытындысы бойынша халықты дене шынықтырумен және спортпен қамту 31,6% қамтамасыз етілді, бұл республиканың дене шынықтыру-спорт қозғалысына 5,9 млн адамның қатысатынын куәландырады», - деді Е. Қожағапанов Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырсында.

Оның айтуынша, салауатты өмір салтын насихаттау аясында 2020 жылы республика бойынша 1,5 млн-нан астам адамды қамти отырып, 21 мыңнан астам спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді. Бұқаралық спортты дамытудағы бағыттардың бірі мектеп және студенттер лигаларын өткізу арқылы дамитын мектеп және студенттік спорт болып отыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгінгі отырыс барысында бұқаралық спорт өңірлердегі көптеген азамат үшін әлі де қолжетімді емес екені айтылды.



Соңғы жаңалықтар