Қазақстанда қандай жол ережелері жиі бұзылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов Қазақстанда қандай жол ережелері жиі бұзылатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жол қауіпсіздігінің негізгі факторларының бірі – әдеттегідей жүргізушілердің жол жүру тәртібі болып қала береді. Жыл сайын біз 5,652 млн жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейміз», - деді Серік Түсіпов министрлікте өткен онлайн брифингіде.

Спикердің айтуынша, жыл басынан бері 1,3 млн жол жүру ережесінің бұзылғаны анықталды.

Оның ішінде: 437 мың жылдамдықты асыру фактісі, 289 мың белгілер мен таңбалар талаптарын бұзу, 68,6 мың жарық аспаптарын пайдалануды бұзу, 5 мың жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу және 19,5 мың аялдау және автотұрақ қағидаларын бұзу.

Мас күйінде көлік айдаған 5,2 мың жүргізуші ұсталды. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 6 мың жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды, 5,3 мың адам әкімшілік қамауға алынды.


Соңғы жаңалықтар