Қазақстанда қандай нысандардың жұмысына тыйым сақталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) елімізде қандай нысандардың қызметіне рұқсат берілмейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен ВАК-тың селекторлық отырысы өткен болатын. Онда Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал ескеріле отырып, келесі шектеу шаралары сақталатыны мәлім етілді:

- мектепке дейінгі балалар мекемелерінің;

- бильярд және компьютер клубтарының;

- ойын-сауық мекемелерінің,

- банкет залдарының;

- түнгі клубтардың қызметіне салынған тыйым сақталады.

Сондай-ақ облысаралық жолаушылар тасымалдарына және ортақ вагондарды құруға тыйым жалғасады.


Соңғы жаңалықтар