+7 (701) 759 90 19
USD 428.07 EUR 507.61
RUB 5.62 CNY 65.15
Jańalyqtar

Қазақстанда қандай азық-түліктер арзандады

2018 жылғы 31 шілде 11:50
Бөлісіңіз:
Қазақстанда қандай азық-түліктер арзандады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда маусымдық көкөністердің бағасы едәуір арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Маусымдық көкөністер арзандай түсуде. Қызанақтар мен қиярлардың бағасы айына 27-28% төмендеген.

Өткен аймен салыстырғанда шілдеде жаңа піскен қияр бағасы 28%, қызанақ - 26,5%, орамжапырақ - 22%, картоп - 14,4%, сарымсақ - 10,7% арзандаған. Бірақ, басқа көкөністердің құны көтерілген. Атап айтқанда, қызылша (+11,6%) мен сәбіз (+16%) қымбаттаған. Сарапшылар мұны көкөністердің жаңа өнімдерінің базарларда пайда болуымен түсіндіреді.

Шілдеде жемістердің ішінде банандар (минус 5,5%) және апельсиндер (минус 3,7%) бағасы арзандаған.

Ет бағасы туралы айтатын болсақ, тауық өнімдері арзандады - жұмыртқа бір айдың ішінде 2%, тауықтың сан еті және тауық тиісінше 0,3 және 0,1% төмендеген.

Дәнді дақылдардың бағасы өзгермеген, тек күріш 2,1% қымбаттаған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT