Қазақстанда кәмелетке толмағандар ісі бойынша прокуратуралар құру жоспарлануда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда кәмелетке толмағандар ісі бойынша арнайы прокуратураларды құру жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Астанадағы Халықаралық адам құқықтары күніне арналған дөңгелек үстелде ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко мәлім етті.

«Ювеналды әділетті қалыптастыру тұрғысынан бұл бағытта прокурорлық бақылауды күшейту үшін, біз мамандандырылған ювеналдық прокуратураларды құру жайында ойластырудамыз»,-деді ол.

Осы орайда А. Кравченко бүгінде Қазақстанның әрбір өңірлік прокуратурасында кәмелетке толмағандар құқығын сақтауды қадағалайтын арнайы көмекші жұмыс істейтіндігін жеткізді.

Оның сөзіне қарағанда, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау саласында еліміздің бақылаушы ведомстволары биыл екі мыңнан астам тексеру жүргізіп, 149 мыңнан астам кәмелетке толмағандардың конституциялық құқықтарын қорғады.

Соңғы жаңалықтар