+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Қазақстанда қалдықты энергетикалық кәдеге жарату жобасына қатысты аукциондық сауда-саттық өткізіледі

2020 жылғы 27 қаңтар 18:21
Бөлісіңіз:
Қазақстанда қалдықты энергетикалық кәдеге жарату жобасына қатысты аукциондық сауда-саттық өткізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл күзде қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобаларын салу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізіледі. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа экологиялық кодекстің жобасы әзірленіп, Парламент Мәжілісіне енгізілді. Министрлікпен осы кодексті әзірлеу бойынша ауқымды әрі қарқынды жұмыс жүргізілді. Жұртшылықпен және бизнес қауымдастықпен оның талқылау бойынша көптеген кездесу өткізілді. Айта кету керек, кодекске 2 мыңға жуық түзету келіп түсті. Жоба 40-50 пайызға өзгертілді. Ахметжан Әбдіжәмілұлы Парламент Мәжілісінде жаңа экологиялық кодекс жобасын толық және сапалы сүйемелдеуді тапсырамын», - деді министр орынбасары Пірімқұловқа қарата.

Сонымен қатар ол қалдықтармен жұмыс істеу саласында өнеркәсіп қалдықтарын және қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бойынша көрсеткіш біртіндеп өсіп келе жатқанын айтты.

«Алайда, жасыл экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдаманың индикаторларына сәйкес, өңдеу тереңдігін 40 пайызға дейін ұлғайту бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл үшін «Waste to Energy» тетігін енгізу мәселесі пысықталуда. Министрлікке күзде қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобаларын салу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу тапсырылды. Осыған орай Қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаменті Ошарбаев 1 ай мерзімде әкімдіктермен бірлесіп, тиісті өңірлерді белгілесін«, - деді ол.

Мағзұм Мырзағалиев облыс әкімдерінің орынбасарларна осы мәселеге назар аударуды сұрады.

«Жер учаскесі бар. Тиісті инфрақұрылым және қалдықтардың қажетті кепілді көлемі бар өңірлерге ғана инвесторлар келеді», - деп ескертті министр.

Оның айтуынша, климаттық саясат бойынша Климаттық саясат және жасыл технология департаменті төмен көміртекті дамыту стратегиясын әзірлеу жөніндегі жұмысты жалғастырып, осы жылдың соңына дейін драфт-жобасын ұсынуы қажет.

«Өздеріңізге мәлім, 2019 жылы министрлік халықты экологиялық тәрбиелеу бойынша әртүрлі жұмыстарды жүзеге асырды. Бұл жұмысты Волонтерлер жылы аясында жалғастыру қажет. Бізге қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқыстарды сұрыптауға үйрету жөніндегі «Таза Қазақстан», «Таза әлем» жалпыұлттық жоспарды өткізу бекітілді. Осыған байланысты Ахметжан Әбдіжәмілұлы министрліктің ішкі жоспарын әзірлеу және бекіту қажет. Мерзімі - 10 күн. Сондай-ақ Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, экологиялық білім беру мәселелері бойынша жұмысты жалғастыруды экологиялық сағаттар өткізуді тапсырамын», - деді министр орынбасары Пірімқұловқа қарата.

Мұнан бөлек ол осы жылдың күзінде Көкшетау қаласында трансшекаралық ынтымақтастық форумы өтетіндігін айтты.

«Тақырыбы - қоршаған ортаны қорғау. Бұл өте маңызды және жауапты шара. Осыған орай Халықаралық ынтымақтастық департаменті салалық департаменттермен және комитеттермен бірлесіп форумға дайындық барысы туралы бұрақты баяндауды тапсырамын», - Мағзұм Мырзағалиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT