Қазақстанда қалдықтарды тиімді басқарудың озық үлгісі енгізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда қалдықтарды тиімді басқарудың озық үлгісі енгізіледі. Осыған орай экология, геология және табиғи ресустар министрлігі жанындағы қоғамдық кеңес жаңа құжатты бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ӨКМ Операторы» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжаттың басты мақсаты - қалдықтарды кешенді басқару жүйесін дамыту, қалдықтардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайту, сондай-ақ қалдықтардан қайталама шикізат алу және оны энергия көзі ретінде пайдалану. Атап айтқанда жекелеген аймақтарда тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек тастау жүйесін енгізу, сұрыптау желісін қосу, қалдықтан энергия өндіретін зауыт құрылысына инвесторлар тарту қарастырылған.

«Қалдықтан энергия өндіру тәжірибесі көптеген мемлекеттерде қолданыста бар. Аталған әдіс-тәжірибені елімізде қолдану қалдықты тиімді басқарудың оң шешілуіне ықпал етеді. Нәтижесінде қоқыс полигондарынан парниктік газдардың шығуын азайтып, елімізде көмілетін ҚТҚ көлемін 90% дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Көмілетін қалдық көлемін қысқарту, қайта өңдеуді ұлғайту және де тұтынушы ыдысына депозиттік жүйе енгізу Оператор стратегиясында ұсынылып отыр. Яғни, бос ыдысты қайта тапсырған тұтынушы ынталандырылады. Сол арқылы тұрмыстық қалдықтардың қайта өңдеу үлесі артады» делінген хабарламада.

Қоғамдық кеңесте заңсыз қоқыс алаңдарын жоюға оператордың қатысуы және аталған шараны орындауға ортақ қаржыландыру мәселесі қарастырылды. Заңсыз қоқыс алаңына айналған полигондар жанына уақытша бекеттер орнату ұсынылды. Ол жерде қалдықты жағуға арналған уақытша құрылғы болады. Аталған технология далаға тасталған қалдықты анықтауға және оны жедел жоюға мүмкіндік береді.

«Сондай-ақ оператор тарапынан аралас түрдегі қаптама қалдықтарын, қоңыр түсті шыны ыдыс қалдықтарын, пластмасса (полиэтилен, полипропилен) қалдықтарын өңдейтін кәсіпорын құрылысын салуға қаржы бөлу мүмкіндігі қарастырылды. Сонымен қатар Оператор Стратегиясында бүгінгі күнде қызмет етіп отырған бағыттарды ынталандыруға қолдау көрсетіле беретіндігі белгіленген. Нақты айтқанда ескі көліктерді тапсыру бағдарламасын ынталандыру, электр қуаттау бекеттерінің инфрақұрылмын дамыту, ӨКМ таралатын өнім қалдықтарын жинауға және қайта өңдеуге жұмсалатын өтемақыны беруге, экологиялық таза көліктерді шығару өндірісін ынталандыруға қолдау көрсетілетіндігі белгіленген» деп хабарлайдды «ӨКМ операторы» ЖШС баспасөз қызметі.

Қоғамдық кеңес мүшелері тұрмыстық қалдықтардың қоқыс полигондарына көмуді шектеу, оны қайта өңдеу, заңсыз қоқыс алаңдарының пайда болуына жол бермеу шаралары ең өзекті стратегиялық бағыт екендігін атап өтті. Сондықтан Қазақстанда қалдық басқару жүйесін және қайта өңдеу саласындағы инфрақұрылым жедел дамытуды қажет етеді.

Ескертулер мен ұсыныстар толық ескерілген стратегияны экология, геология және табиғи ресустар министрлігі бекітті. Бүгінгі таңда аталған шараларды жүзеге асыру бойынша жоспарлар әзірленеді.

Соңғы жаңалықтар