Қазақстанда қағаз қалдықтарын экспорттауға тыйым салу ұсынылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ведмоствоаралық комиссия отырысында Қазақстан аумағынан қағаз қалдықтарын экспорттауға тыйым салу жөнінде ұсыныс қолдау тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Инвестиция және даму министрлігі целлюлоза-қағаз кәсіпорнының өкілдерімен тұрақты түрде кездесулер өткізіп тұрады. Премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаевтың төрағалығымен саланы ынталандыруға арналған ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Отырысқа мүдделі мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП, Қазақстан қаптаушылар қауымдастығының және целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің өкілдері қатысты», - делінген хабарламада.

Ведомствоаралық комиссия отырысында аталып өткендей, Қазақстан «орманды елге» жатпайды және елдегі картон-қағаз өнеркәсібі бүгінгі күні шикізат ретінде 100% картон және қалдық қағаздарды пайдаланады. Осыған байланысты қазақстандық нарықта тапшылықты болдырмау үшін қалдық қағаздарды еліміздің аумағынан шығаруға шектеу қою мәселесі туындап отыр.

2016 жылы 14 қазандағы ҚР Инвестициялар және даму министрінің №630 бұйрығына сәйкес қайта өңделген қағазды, картонды, қалдықтарды экспорттау үшін 6 айға тыйым салынды. Яғни, өндіріс көлемі 2015 жылға қарағанда 1,5 есе артып, 141,2 мың тоннаны құрады.

Осы тыйымның нәтижесінде 2017 жылы қағаз өнімдерін өндірудің мультипликативті әсері зор болды. Өндіріс көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 44,6 мың тоннаға артып, 136,1 мың тоннаны құрады. Жалпы құны 53,4 млрд теңге болған.

2016 жылы өндірістің көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 33,1 млрд теңгеден 47,2 млрд теңгеге дейін (33,5% -ға өсті) өсті, бұл 55% -ға тыйым салынған кезде саланың салық түсімдерін арттыруға мүмкіндік берді және 100-ден астам адамға жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

Ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан қалдықтарды шығаруға тыйым салуды енгізу туралы шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар