Қазақстанда кабельдік теледидар қызметі заңдық тұрғыда бекітілуі тиіс

None
None
ОРАЛ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қазақстанда кабельдік теледидар қызметі заңдық тұрғыда бекітілуі тиіс.

 Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен өткізілген аймақтық семинар-кеңесте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш басқарманың ақпараттық саясат және БАҚ-қа мониторинг жүргізу бөлімінің бастығы Мәжит Қайырбаевтың айтуынша, Қазақстан ұлттық телерадиохабары қауымдастығы ұйымдастырған басқосуға Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарынан мемлекеттік органдармен қатар кабельдік операторлар өкілдері қатысып, пікір алысты. Қауымдастықтың атқарушы директоры Шолпан Жақсыбаева мен БАҚ-ты қолдау орталығының басшысы Сергей Власенко жетекшілік еткен жиында кабельдік теледидардың әлі күнге дейін құқықтық мәртебесі айқындалмағаны, адал бәсекелестіктің қажеттігі, арнаға заңсыз қосылудың орын алып отырғаны айтылды. Көршілес елдерде, мысалы, Ресей мен Қырғызстанда кабельдік теледидар туралы арнайы заң бар. Сондықтан Қазақстанда да заң қабылданып немесе БАҚ туралы заңға өзгертулер енгізілсе, дұрыс болар еді.

Оралда қазіргі таңда үш кабельдік оператор жұмыс жасайды.

Соңғы жаңалықтар