Қазақстанда IT мамандардың төл мерекесі пайда болуы мүмкін

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – 10 қараша - цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні болып бекітілуі мүмкін. Мұндай ұсыныс ашық талқыға шығарылған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қаулысында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласындағы қызметкерлердің еңбек ұжымы еңбек нарығында сұранысқа ие болып отыр. Кәсіби мерекені енгізу – цифрлық трансформацияны жүргізетін мемлекеттік қызметшілер мен IT-нарығының қатысушылары үшін маңызды. Олардың саны 155 мыңнан асады. Алайда, осындай мереке болмағандықтан, цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласындағы қызметкерлердің өздерінің кәсіби мерекелерін атап өту мүмкіндігі жоқ. Осыған байланысты олар бірыңғай кәсіби қоғамдастық саласынадағы өздерінің орынын сезінбейді. Сондықтан аталған кәсіби мерекені тізімге енгізу - корпоративтік мәдениеттің одан әрі дамуына ықпал етеді» делінген қаулыда.

Қоса кетсек, бұған дейін Сенат 25 қазанды Республика күні ұлттық мерекесі ретінде белгілейтін заң қабылдаған болатын.

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, аталған айтулы күн қазақстандықтар үшін демалатын ұлттық мереке болады.


Соңғы жаңалықтар