Қазақстанда Исламдық Қаржылық Қызметтер жөніндегі кеңестің 12-ші Саммиті өтеді - ҚР Ұлттық банкі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 19-21 мамырда ТМД-да алғаш рет Исламдық Қаржылық Қызметтер жөніндегі кеңестің 12-ші Саммиті (The Islamic Financial Services Board - IFSB) өтеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

2014 жылы 31 желтоқсанда аталған шараны іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен IFSB арасындағы жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

IFSB саммиті əлемде исламдық қаржыландыруды ағымдағы дамыту, исламдық қаржы мекемелерінің қызметін реттеу, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету саласындағы өңірлік жəне ғаламдық ынтымақтастық, осы саланың əлеуетін өсіру мəселелері талқыға түспек. Сондай-ақ, жиын исламдық қаржы индустриясының негізгі ойыншыларының даму жоспарлары талқыланатын, диалог жүргізетін алаңы болып табылады.

Исламдық қаржылық қызметтер жөніндегі кеңестің Саммиті алғаш рет 2004 жылы Уэльс Ханзадасы Чарльздің басқаруымен Ұлыбританияда өткізілген болатын. Кейінгі Саммиттер Катарда, Ливанда, БАƏ-де, Иорданияда, Сингапурда, Бахрейнде, Люксембургте, Түркияда, Малайзияда жəне Маврикияда өткізілді.

Саммит жыл сайын мамыр айында орталық банктердің немесе іс-шараны қоса ұйымдастырушы елдердің реттеушілерінің қолдауымен өткізіледі.

Саммитке 35 елден келген 300 делегат қатысады деп күтілуде. Оның ішінде реттеуші жəне қадағалау органдарының, халықаралық қаржы институттарының өкілдері, қаржы нарығына қатысушылар, ғылым жəне білім беру саласының өкілдері бар. Қазақстанда мұндай іс-шараны өткізу Алматыны ТМД-дағы жəне Орталық Азиядағы исламдық қаржы хабы ретінде орнықтыруға ықпал ететін болады. The Islamic Financial Services Board (IFSB), Исламдық қаржылық қызметтер жөніндегі кеңес - банк жəне сақтандыру жүйесінен, сондай-ақ капитал нарығынан тұратын исламдық қаржылық қызметтер индустриясының тұрақтылығын қамтамасыз ететін ұйымдарды реттейтін жəне бақылайтын халықаралық орган. IFSB-ның 184 мүшесі, оның ішінде 59-ы реттеуші жəне қадағалаушы органдар, 8 - халықаралық үкіметаралық ұйымдар.

2011 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Исламдық қаржылық қызметтер жөніндегі кеңесіне (IFSB) кірді.

2009 жылы Қазақстан Республикасында Исламдық қаржыландыру жөніндегі заң қабылданды, соған сəйкес Қазақстанда ислам банктерінің, исламдық инвестициялық қорлардың жұмыс істеуі, исламдық бағалы қағаздардың шығарылуы үшін жағдайлар жасалған.

2011 жылы мемлекеттік исламдық бағалы қағаздарды шығару мүмкіндігін көздейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттері шығаратын исламдық бағалы қағаздардың оригинаторларының тізбесін кеңейтетін заң қабылданды. Исламдық қаржыландыруды, сақтандыруды жəне лизингті дамыту үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру жəне исламдық қаржыландыру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын əзірледі. Қазіргі уақытта көрсетілген заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің талқылауында жатыр. Қазақстан Республикасының Үкіметі Исламдық қаржыландыруды дамытудың 2020 жылға дейінгі жол картасын бекітті. Оны іске асыру исламдық қаржылық қызметтер индустриясын тұрақты дамыту үшін жағдайлар жасауға, эмитенттердің, инвесторлардың жəне нарыққа қатысушылардың шекті санын қалыптастыруға ықпал ететін болады.

Соңғы жаңалықтар