Қазақстанда Ислам мәдениеті мен білімінің қоры құрылуда-Президент

None
None
АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов / -  Мемлекеттің қолдауымен Қазақстанда Ислам мәдениеті мен білімінің қоры құрылуда.


 Бұл туралы бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайындағы Әлемдік және дәстүрлі діндер  басшыларының ІІІ съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Қазақстанның этносаралық және конфессияаралық келісімінің тәжірибесі посткеңестік кеңістікте сәтті үлгі ретінде танылғанына тоқталған Мемлекет басшысы, «біздің елімізде 3 мың 200 мешіт, шіркеулер, ғибадат үйлері бар» екенін айтып өтті.

 «Екінші съезге арнап салынған Бейбітшілік және келісім сарайы  өткен үш жылда еліміздің нағыз рухани орталығына айналды. Мұнда ұдайы түрлі конференциялар мен форумдар өтеді. Өткен съезде уәде еткенімдей, біз Мәдениет пен діннің халықаралық орталығын құрдық», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар