Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі төмендеді – Ұлттық банк

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында биылғы қаңтар-шілдедегі республикалық бюджетті орындау қорытындыларын талқылау кезінде ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі биылғы маусым айында 46,8 тармаққа дейін қалпына келгеннен кейін, енгізілген карантиндік шектеулер аясында шілдеде 44,7 тармаққа дейін төмендеді. Бұл қызмет көрсету саласындағы белсенділіктің 43,1-ге дейін

3,2 пайыздық тармаққа қысқаруына байланысты», - деді ҰБ басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, жедел деректерге сәйкес 2020 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша Қазақстанның ішкі жалпы өнімі (ІЖӨ) Ұлттық банктің болжамына сәйкес 1,5 пайызбен салыстырғанда жылдық мәнде 1,8 пайызға қысқарды. Бұл қызмет көрсету секторындағы, атап айтқанда сауда мен көлік секторындағы терең құлдырауға байланысты болды.

«Осыған орай, инфляциялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Ұлттық банк ағымдағы жылғы 20 шілдеде Қазақстан экономикасының өсуін қалпына келтіруді қолдау үшін пайыздық дәлізді +/- 1,5 пайыздық тармаққа дейін тарылта отырып, базалық ставканы 9 пайызға дейін төмендетті», - деді Е. Досаев.


Соңғы жаңалықтар