Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі өсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банк қаржы-несие жүйесі департаментінің директоры Жандос Шаймарданов наурызда іскерлік белсенділік индексі өскенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бағалау нәтижелері бойынша іскерлік белсенділік индексі наурызда оң аймаққа өтіп, 50,6 болды (биылғы ақпанда – 49,0). Көрсеткіш 2020 жылдың басынан бері алғаш рет шекті мәннен асып түсті.

Қызмет көрсету саласында ақпанда іскерлік белсенділік индексі 49,2 болса, наурызда 51,2 көтерілген.

Құрылыс саласында ақпанда 47,4 -тен 46,5-ке дейін азайған.

«Аймақтар тұрғысынан алып қарағанда, наурыз айында іскерлік белсенділік 10 өңірде жақсарғанын байқауға болады, 7 облыста нашарлады. Іскерлік белсенділіктің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (60,9) мен Қостанай (56,9) облыстарында, ең төменгісі – Түркістан облысында (42,3) «,- дейді Жандос Шаймарданов.

Алдағы 6 айда көрсетілетін қызмет индексі 18,6 болуы ықтимал. Бизнес климат индексі ақпанда -11,9 болса, наурызда төмендеген - 9,9 құраған.

Сауалнамаға барлығы 459 кәсіпорын: құрылыс саласынан - 67, өнеркәсіп саласынан - 176, қызмет саласынан - 216 кәсіпорын қатысқан.


Соңғы жаңалықтар