Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі 2 ай қатарынан өсіп келеді – Досаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі екі ай қатарынан өсіп келеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі екі ай қатарынан өсу аймағында сақталуда. Биылғы жылғы сәуірде ол қызмет көрсету және өнеркәсіп секторында қалпына келудің жалғасуына байланысты 50,5 тармақ болды», - деді ҰБ төрағасы.

Оның атап өтуінше, сәуірде өндірістің өсуі, сұраныс және қызмет көрсету саласының озық қалпына келуі аясында экономикалық белсенділіктің жаһандық индексі (Global Сomposite PMI) 11 жылдағы ең жоғары көрсеткіш – 56,3 тармаққа жетті.

«Индекске ең көп үлес қосқан елдер – АҚШ, Ұлыбритания және Австралия. Жапонияда экономикалық белсенділіктің әлсіз өсуі байқалды. Ал Бразилияда және Үндістанда короновируспен аурулардың өсуі себебінен көрсеткіштің төмендеуі тіркелді», - деді Ерболат Досаев.


Соңғы жаңалықтар