Қазақстанда ішкі жалпы өнімдегі салықтың үлесі қанша болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2025 жылға қарай Қазақстанда салықтың жиналуы көрсеткіші ішкі жалпы өнімге шаққанда 25 пайызға жетеді. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тәуекелдерді басқару» ақпараттық жүйесі үлкен деректер көлемін талдау арқылы тәуекелдің жаңа түрлерін анықтауға және іріктеу процестерін автоматтандыруға, салық төлеушілерді санаттарға бөлуге, сондай-ақ салық және кеден заңнамасының бұзушылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде әзірленген тәуекел моделдері деректерді қолмен өңдемей, оны автоматтандырып, жұмыс уақытын 2 айдан 2 күнге дейін қысқартып, нәтижелердің неғұрлым жоғарлатуға мүмкіндік берді», - деп түсіндірді министр.

Оның сөзіне қарағанда, 2025 жылға қарай салықтың жиналуы көрсеткішін ішкі жалпы өнімге шаққанда 25 пайызға жеткізу ескеріліп отыр.

«Салықтардың жиналуын 2018 жылғы 16,9 пайыздан 2025 жылы ішкі жалпы өнімнің 25 пайызына дейін арттыруды мақсат етіп отырмыз. Салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру есебінен абсолюттік мәнде бұл 2025 жылға дейін 5,5 трлн теңге көлемінде бюджетке қосымша түсім береді», - деді Әлихан Смайылов.

Соңғы жаңалықтар