Қазақстанда іс жүзінде халықаралық зерттеу бағдарламалары жоқ - министрлік

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ғылым қорының» қызметін трансформациялауды ұсынды. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған «Ғылым және технологиялық саясат туралы» ҚР Заңының жобасына жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда іс жүзінде халықаралық зерттеу бағдарламалары жоқ. Орнаған халықаралық ынтымақтастық соншалықты көлемді болмағандықтан, көптеген зерттеушілер мен ұйымдар мұндай жобалар туралы білмейді және қатыспайды. Кәсіпорындар өндіріске ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижесінде жасалған тәжірибелік үлгілерді өндіріске енгізуге мүдделі емес. Өйткені бұл көбінесе қосымша жабдықты сатып алуды, технологияны игеруді, қызметкерлер құрамын оқытуды, яғни қолма-қол ақша құюды талап етеді. Ал пайда табуға кепілдік берілмейді», - делінген консультативтік құжатта.

Ғылымның дамуына қолбайлау болып отырған бұл мәселелері шешу үшін министрлік Ғылым қорының қызметін трансформациялауды жоспарлап отыр.

«Экономикалық тиімділікті одан әрі арттыру мақсатында барлық бизнес-процестердің ашықтығы мен мөлдірлігін қамтамасыз ететін тетіктерді енгізу арқылы «Ғылым қоры» акционерлік қоғамының қызметін трансформациялау жоспарланып отыр. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды ынталандыру мақсатында жеке сектор қосымша құн салығынан босату ұсынылады. Сонымен бірге инновациялық инфрақұрылымның жаңадан құрылатын элементтері үшін салық салуды азайту сияқты қосымша жеңілдіктерді қарастырылады», - деп мәселенің шешу жолы ұсынылған.

Консультативтік құжат 30 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.


Соңғы жаңалықтар