Қазақстанда ипотека арзандатылмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ипотекалық несие құнын арзандату мәселесін  қарастыруда. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында аталған ведомствоның басшысы Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ағымдағы жылы  бұл бағдарламаны одан ары жүзеге асыру механизмдерін қайта қарастыратын боламыз. Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында біз сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді жетілдіру бойынша жұмыстарды бастадық. Сонымен қатар баспананың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2030 жылға қарай бір тұрғынды 30 шаршы метрге дейін баспанамен қамтамасыз ету көрсеткішіне жеткізу арқылы  ипотекалық несиелеу құнын арзандату бойынша мәселелерді қарастырудамыз», - денді Жеңіс Қасымбек.

Оның дерегінше, ағымдағы жылы коммерциялық банктер құрылысшыларға 125 млрд теңге субсидияланған несие, сонымен қатар 105 млрд теңге ипотекалық несие беретін болады.

«Банк секторының жандануы жыл сайын 250 млрд теңгеге дейін кредит беру көлемін арттырады, және «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкі салымшыларының үлесін экономикалық белсенді халықтың 12 пайызына жеткізеді», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар